В настоящее время вы работаете в автономном режиме; ожидается повторное подключение к Интернету

Ықшам дискі немесе DVD дискі ашылмай тұр, немесе Windows XP жүйесінде ықшам дискін жазушы немесе DVD дискін жазушы бағдарламаны жойған соң келесі қате туралы хабар пайда болады: "қате коды 31"

Поддержка Windows XP завершена

8 апреля 2014 г. корпорация Майкрософт прекратила поддержку Windows XP. Это повлияло на обновления программного обеспечения и параметры безопасности. Узнайте, что это значит для вас и какие меры по безопасности можно предпринять.

ҚОРЫТЫНДЫ
Компьютеріңізде кейбір бағдарламаны жойғаннан соң, ықшам дискі немесе DVD дискі ашылмай тұр. Ықшам дискі немесе DVD дискі көрінбей тұр. Немесе дискке кірмекші болғанда қате туралы хабар аласыз. Осы мақалада бұл ақаулықты шешу үшін екі тәсіл берілген. Осы әдістердің бірі Windows тізбесін қолмен өзгертіп ЖоғарғыСүзгілер(UpperFilters) және ТөменгіСүзгілер (LowerFilters ) жазбаларын жоюды талап етеді. Осы мақалада берілген қадамдарды орындаған соң компьютерді қайта бастауыңыз қажет.

Бұл мақала жаңадан бастап жүрген және әуесқой компьютер пайдаланушылар үшін арналған.

Әуелі осы мақаланы басып шығарсаңыз, қадамдарды орындау оңайрақ болуы мүмкін.
Ақаулықтың симптомдары
Microsoft Windows XP амалдық жүйесінде ықшам дискін жазушы немесе DVD дискін жазушы бағдарламасы жойылған соң келесі симптомдар кездеседі.
  • "Менің компьютерім" қалтасында ықшам діскі немесе DVD дискі ашылмай тұр.
  • Ықшам дискін немесе DVD дискін "Құрылғылар реттегіші" бағдарламасы арқылы көрмекші болған кезіңізде келесі қате туралы хабарлардың біреуі пайда болады.

    1-ші қате туралы хабар
    Осы құрылғы дұрыс істемей тұр. Себебі, Windows осы құрылғы үшін қажет болған драйверлерді қотара алмай тұр (Код 31).
    2-ші қате туралы хабар
    Осы құрылғы үшін драйвер қажет болмағандықтан драйвер ажыратылған. (Код 32 немесе 31)
    3-ші қате туралы хабар
    Tізбеңіз бүлінген болуы мүмкін. (Код 19)
  • "Қате коды 39" деген қате туралы хабар шығады
  • Хабарлама аймағында төмендегіге ұқсас хабар пайда болады:
    Windows осы жабдық үшін қажет болған драйверді сәтті қотарып алды, бірақ жабдық табылмады. (Код 41)
Осы ақаулықты шешу үшін тәсілдер.
ACW

1-ші тәсіл: Тізбе жазбаларын жоюға арналған басқарылатын анықтама

Ескерім Тізбе жазбаларын жоймас бұрын барлық ықшам дискін жазушы бағдарламаларды жойыңыз. Осы ақаулық шешілген соң пайдаланатын бағдарламаларыңызды қайта орнатуыңыз мүмкін.
Ықшам дискіне кіру ақаулықтарының себебі болған тізбе жазбаларды жою үшін басқарылатын анықтама қатынаулы. Басқарылатын анықтама осы қадамдарды автоматты түрде орындап жұмысыңызды жеңілдету мүмкін.

Басқарылатын анықтама өз жұмысын аяқтаған соң оның орындаған әрекеттерін болдырмау мүмкін. Басқарылатын анықтаманың әрекеттерін болдырмау үшін оны қайта бастаңыз. Сәлемдесу бетінде Басқарылатын анықтаманы болдырмау әмірін таңдаңыз, сосын нұсқауларды орындаңыз.
Басқарылатын анықтама туралы көбірек ақпарат алу үшін төмендегі мақала нөміріне нұқып Microsoft білім қорындағы мақаланы көріңіз:
915092 Microsoft Білім Қорының мақалаларына арналған Оқу Анықтамасына қатысты сипаттама

Осы басқарылатын анықтаманы орнату және пайдалану үшін талаптар

  • Осы басқарылатын анықтаманы орнату және пайдалану үшін Windows жүйесіне әкімші ретінде кіруіңіз қажет.
  • Осы басқарылатын анықтаманы орнату және пайдалану үшін компьютеріңіздің амалдық жүйесі Windows XP Home Edition, Windows XP Professional, Windows XP Media Center Edition немесе Windows XP Tablet PC Edition болуы қажет.
Әуелі басқарылатын анықтаманы қотарып алуыңыз қажет. Бастау үшін келесі сілтемені нұқыңыз. Басқарылатын анықтаманы қотарып алыңыз.

2-ші тәсіл: Тізбе жазбаларды қолмен жойыңыз

Маңызды Осы мақалада тізбені өзгерту туралы ақпарат бар. Тізбені өзгертпес бұрын оның сақтық көшірмесі жасалғанына көз жеткізіңіз. Ақаулық пайда болса, тізбені қалай қалпына келтіруді біліп алыңыз. Тізбенің сақтық көшірмесін жасау, оны қалпына келтіру және өзгерту туралы көбірек ақпарат алу үшін Microsoft білім қорындағы мақаланы оқып шығыңыз. Оны көру үшін келесі мақала нөмірін басыңыз:
256986 Microsoft Windows тізбесінің сипаттамасы (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
Ескертпе: Тізбені өңдеуші (Registry Editor) бағдарламасын пайдаланып немесе басқа тәсілмен пайдаланып тізбені бұрыс өзгертсеңіз күрделі ақаулықтар пайда болуы мүмкін. Осы ақаулықтар салдарынан амалдық жүйесін қайта орнатуға мәжбүр болуыңыз мүмкін. Осы ақаулықтар үшін шешім табылуына Microsoft кепілдік бере алмайды. Тізбені өз тәуекеліңізбен өзгертіңіз.Әкімші өкілдігі мен рұқсаттарына ие болған тіркелгімен пайдаланып Windows жүйесіне кіріңіз. Сосын келесі қадамдарды орындаңыз.

1-ші қадам: Тізбе өңдеушісін бастаңыз

Бастау батырмасын нұқыныз, Жегу әмірін таңдаңыз, regedit енгізіңіз де OK батырмасын басыңыз. Тізбе өңдеушісі ашылады.

2-ші қадам: ЖоғарғыСүзгілер (UpperFilters) жазбасын жойыңыз

  1. Тізбе өңдеушісінде Менің компьютерім қалтасын шығарып алыңыз, сосын HKEY_ЖЕРГІЛІКТІ_МАШИНА қалтасын шығарып алыңыз.
  2. ЖҮЙЕ қалтасын шығарып алыңыз, сосын ҚазіргіБасқаруЖиынтығы қалтасын шығарып алыңыз.
  3. Басқару қалтасын шығарып алыңыз, сосын Класс қалтасын шығарып алыңыз.
  4. Класс астында {4D36E965-E325-11CE-BFC1-08002BE10318} жазбасын таңдаңыз.
  5. Оң жақтағы бөлігінде (тақырып аймағында), ЖоғарғыСүзгілер жазбаны таңдаңыз.

    ЕскерімUpperFilters.bak тізбе жазбасы да пайда болуы мүмкін. ЖоғарғыСүзгілер тізбе жазбасын жою үшін ЖоғарғыСүзгілер жазбасын таңдауыңыз қажет, UpperFilters.bak жазбасын емес.
  6. Өңдеу мәзірінде Жою әмірін таңдаңыз.
  7. Келесі хабар пайда болған кезде, ЖоғарғыСүзгілер тізбе жазбасының жойылуын құптау үшін Ие батырмасын басыңыз.
    Осы мәнді жою керек пе?
ЖоғарғыСүзгілері тізбе жазбасы {4D36E965-E325-11CE-BFC1-08002BE10318} тізбе бөлімшесіден жойылған.

Ескерім Тізбе өңдеушісіден шықпаңыз. Осы бағдарлама келесі қадам үшін қажет.

3-ші қадам: ТөменгіСүзгілер жазбасын жойыңыз

  1. Тізбе өңдеушісінде Менің компьютерім қалтасын шығарып алыңыз, сосын HKEY_ЖЕРГІЛІКТІ_МАШИНА қалтасын шығарып алыңыз.
  2. ЖҮЙЕ қалтасын шығарып алыңыз, сосын ҚазіргіБасқаруЖиынтығы қалтасын шығарып алыңыз.
  3. Басқару қалтасын шығарып алыңыз, сосын Класс қалтасын шығарып алыңыз.
  4. Класс астында {4D36E965-E325-11CE-BFC1-08002BE10318} жазбасын таңдаңыз.
  5. Оң жақтағы бөлігінде (тақырып аймағында), ТөменгіСүзгілер жазбаны таңдаңыз.

    ЕскерімLowerFilters.bak тізбе жазбасы да пайда болуы мүмкін. ТөменгіСүзгілер тізбе жазбасын жою үшін ТөменгіСүзгілер жазбасын таңдауыңыз қажет, LowerFilters.bak жазбасын емес.
  6. Өңдеу мәзірінде Жою әмірін таңдаңыз.
  7. Келесі хабар пайда болған кезде, ТөменгіСүзгілер тізбе жазбасының жойылуын құптау үшін Ие батырмасын басыңыз.
    Осы мәнді жою керек пе?
    ТөменгіСүзгілері тізбе жазбасы {4D36E965-E325-11CE-BFC1-08002BE10318} тізбе бөлімшесіден жойылған.
  8. Тізбе өңдеушісіден шығыңыз.

4-ші қадам: Компьютерді қайта бастаңыз

Егер компьютеріңізді қайта бастап алған соң ықшам дискін жазушы бағдарлама жұмыс істемесе, осы бағдарламаны қайта орнатуыңыз қажет.
Ұқсас ақаулықтар мен шешімдер
Ұқсас ақаулық туралы көбірек ақпарат алу үшін төмендегі мақала нөміріне нұқып Microsoft білім қорындағы мақаланы көріңіз:
320553 Windows XP немесе Windows Vista Beta 2 амалдық жүйесін орнатқан соң CD-ROM дискі немесе DVD-ROM дискі жоқ болып көрінеді (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
Осы мақаланың Microsoft Windows 2000 амалдық жүйесіге арналған нұсқасын көру үшін келесі сілтемені ашыңыз 270008 (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
жоғарғы сүзгілер төменгі
Свойства

Номер статьи: 314060 — последний просмотр: 06/20/2007 13:41:00 — редакция: 2.4

Microsoft Windows XP Home Edition, Microsoft Windows XP Professional

  • kbhowto kbhardware kbenv kbprb kb3rdparty kbsound kberrmsg kbexpertiseinter kbacwsurvey kbceip KB314060
Отзывы и предложения