В настоящее время вы работаете в автономном режиме; ожидается повторное подключение к Интернету

"Қате 1719: Windows Орнатушы қызметін пайдалануға рұқсат жоқ" қате хабары бағдарламаны қосудың немесе жоюдың барысында пайда болады

Поддержка Windows XP завершена

8 апреля 2014 г. корпорация Майкрософт прекратила поддержку Windows XP. Это повлияло на обновления программного обеспечения и параметры безопасности. Узнайте, что это значит для вас и какие меры по безопасности можно предпринять.

Маңызды Бұл мақала тізбені өзгертуге байланысты ақпаратты ұсынады. Тізбені өзгертудің алдында оның сақтық көшірмесінің сақталғандығына көз жеткізіңіз. Ақаулық орын алған жағдайда тізбені қалпына келтіруді білгеніңізге көз жеткізіңіз. Тізбенің сақтық көшірмесін жасау, тізбені қалпына келтіру және өзгерту туралы қосымша ақпарат білу үшін, Microsoft Білім Қорынан мақаланы көру үшін келесі мақала нөмірін нұқыңыз:
256986 Microsoft Windows тізбесіне қатысты сипаттама (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
БЕЛГІЛЕР
Сіз бағдарламаны қосуға немесе жоюға тырысқан кезде, мынадай қате хабарын қабылдауыңыз мүмкін:
Қате 1719. Windows Орнатушы Қызметін пайдалануға рұқсат жоқ. Оған жүйенің қауіпсіз күйде жегіліп отырғандығы немесе Windows Орнатушының дұрыс орнатылмағандығы себеп болуы мүмкін.
СЕБЕП
Мынадай шарттар шын болған жағдайда аталған әрекет орын алуы мүмкін:
  • Тұрғылықты дискіңіздегі Windows Орнатушының файлдары бүлінген немесе жоқ.
  • Windows Орнатушының Microsoft Орнату Бағдарламалық жабдықтамасының (MSI) бума файлын (.msi) пайдаланатын бағдарламаны орнатасыз немесе жоясыз. Мысалы, сіз компьютеріңізге Microsoft Office бағдарламасын орнатуға тырысқан жағдайда жоғарыда аталған амал орын алуы мүмкін.
АНЫҚТЫҚ
Бұл мәселені шешу үшін мынадай әдістерді іске қосыңыз.

Әдіс 1: Windows Орнатушыны қайта тіркеңіз

Windows Орнатушыны қайта тіркеу үшін тұрғылықты дискіңізде және Windows Тізбесінде Msiexec.exe файлының орналасуын растаңыз, сосын Windows Орнатушысын қайта тіркеңіз. Оны орындау үшін:

Ескерту Сіз Тізбе Редакторын немесе басқа әдісті пайдаланудың арқылы тізбені теріс өзгерткен жағдайда елеулі ақаулықтар орын алуы мүмкін. Бұл ақаулықтар амалдық жүйені қайта орнатуға әкеліп соғуы мүмкін. Microsoft корпорациясы бұл ақаулықтар жойылады деп кепілдік бере алмайды. Тізбені өзгертуды өз жуапкершілігіңізге алыңыз.

Ескерім Microsoft Windows-тың бірнеше нұсқасы бар болғандықтан, келесі әрекеттердің әртүрлі болуы мүмкін. Олар әртүрлі болған жағдайда, бұл әрекеттерді орындау үшін бағдарламаның құжаттамасын оқыңыз.
  1. Тұрғылықты дискіңізде Msiexec.exe файлының орналасуын растаңыз. Оны орындау үшін:
    1. Бастау батырмасын басып, сосын Іздеу әмірін таңдаңыз.
    2. Файлдар мен қалталардың бәрі әмірін таңдаңыз.
    3. Файл аты жолағына msiexec.exe енгізіп, сосын Іздеу басыңыз.
    4. Іздеу нәтижелерінің тізімінде Msiexec.exe файлының орналасуына қатысты ескерім жасаңыз.

      Msiexec.exe файлының орналасуы мынадай мысалға ұқсас болуы қажет, бұл мысалдағы Дискі Windows орнатылған дискі, ал %Windir% қалтасы Windows орнатылған қалтасы болып табылады:
      Дискі:\%Windir%\System32
      Оның мысалы C:\Windows\System32.

      Ескерім Microsoft Windows 98 жүйесіне негізделетін компьютерлерде Msiexec.exe файлы Дискі:\%Windir%\System қалтасында орналасады.
    5. Файл мәзірінде Жабу басыңыз.
  2. Windows Тізбесінде Msiexec.exe файлының орналасуын растаңыз. Оны орындау үшін:
    1. Бастау батырмасын басып, Жегу таңдаңыз.
    2. Ашу жолағына regedit енгізіп, сосын ОК басыңыз.
    3. Орналастырыңыз, сосын мынадай тізбе кілтін нұқыңыз:
      HKEY_LOCAL_MACHINE\SYSTEM\CurrentControlSet\Services\MSIServer
    4. Оң жақ бөлікте СуретЖолы дегенге екі рет нұқыңыз.
    5. Өңдеу жолы тілқатысу терезесінде Мән мәліметі терезесіндегі жолда сіз 1-ші қадамда анықтаған тұрғылықты дискідегі Msiexec.exe файлының дұрыс жолының көрсетілгендігіне көз жеткізіңіз.

      Мысалы, Msiexec.exe файлы тұрғылықты дискіңіздегі Дискі:\Windows\System32 қалтасында орналасады, Msiexec.exe файлының дұрыс жолы Мән мәліметі терезесінде мынадай, оның ішінде Дискі Windows жүйесі орнатылған дискі болып табылады:
      Дискі:\Windows\System32\Msiexec.exe /V
      Ескерім Сіз Windows 98 жүйесін пайдаланған жағдайда, Msiexec.exe файлының дұрыс жолы Дискі:\Windows\System\Msiexec.exe /V.

      Мән мәліметі терезесінде дұрыс жол көрсетілмеген жағдайда, дұрыс жолды енгізіңіз, сосын ОК басыңыз.
    6. Тізбе Редакторынан шығыңыз.
  3. Компьютеріңізді қауіпсіз күйде бастап, Msiexec.exe файлын тіркеңіз. Оны орындау үшін:
    1. Жүйенің жұмысын аяқтап, компьютеріңізді қайта қотарыңыз.
    2. Сіз мынадай хабар қабылдаған жағдайда, F8 басыңыз:
      Жұмысты бастау үшін амалдық жүйені таңдаңыз
    3. Windows Қосымша Параметрлері мәзірінен Қауіпсіз Күй әмірін таңдау үшін көрсеткі пернесін пайдаланыңыз, сосын ENTER басыңыз.
    4. Сіз екі немесе одан да көп амалдық жүйенің бірін бастауға негізделген компьютерді пайдаланған жағдайда, терезеде көрсетілген амалдық жүйелер тізімінен сізге керекті жүйені таңдап, ENTER басыңыз.
    5. Жүйеге кіруді іске асырыңыз.
    6. Бастау, нұқып, Жегу басыңыз, мынадай жолды енгізіп, ОК басыңыз:
      msiexec /regserver
      Ескерім 64-биттік амалдық жүйелер үшін 64-биттік Майкрософтың Орнату Бағдарламалық жабдықтамасын (MSI) Орнатушыны қайта тіркеу қажет. Оны орындау үшін Бастау басып, Жегу нұқыңыз, мынадай жолды енгізіп, ОК басыңыз:

      Дискі:\Windows\Syswow64\Msiexec /regserver

      Windows амалдық жүйесінің 64-биттік нұсқаларында 32-биттік екіліктер %systemroot%\SysWow64 қалтасында орналасады. 64-биттік екіліктер %systemroot%\System32 қалтасында орналасады.
  4. Жүйенің жұмысын аяқтап, компьютеріңізді стандартты күйде қайта қотарыңыз.
Қате қайталанса және "Қате белгілері" бөлімінде сипатталған қате хабары сізге жіберіліп тұрса, Әдіс 2 бөлімінде берілген әрекеттерді орындаңыз.

Әдіс 2: Windows Орнатушыны қайта орнатыңыз

Windows Орнатушыны қайта орнату үшін Windows Орнатушының бүлінген файлдарын қайта атап, Windows Орнатушыны қайта орнатыңыз. Оны орындау үшін:
  1. Бастау батырмасын басып, Жегу таңдаңыз.
  2. Ашу жолағына cmd енгізіп, ОК басыңыз.
  3. Әмір жолына мынадай жолды енгізіп, ENTER басыңыз, оның ішінде Дискі Windows орнатылған дискі және %Windir% Windows орнатылған қалта:
    attrib -r -s -h дискі:\%Windir%\system32\dllcache
    Мысалы, енгізіңіз
    attrib -r -s -h c:\windows\system32\dllcache
    Ескерім Сіз Windows 98 жүйесін пайдалансаңыз, system32 орнына system енгізіңіз.
  4. Әмір жолына мынадай әмірлерді енгізіп, әрбір жолдан кейін ENTER басыңыз:
    ren msi.dll msi.old
    ren msiexec.exe msiexec.old
    ren msihnd.dll msihnd.old
  5. Әмір жолына exit енгізіп, ENTER басыңыз.
  6. Компьютеріңізді қотарыңыз.
  7. Тұрғылықты дискіңіздегі Windows Орнатушы файлдарының соңғы нұсқасын орнатып жаңартыңыз. Windows Орнатушы 2.0 Microsoft Қотару Орталығынан қотаруға дайын. Microsoft қолдау файлдарын қотару туралы қосымша ақпаратты білу үшін Microsoft Білім Қорынан мақаланы көруге мынадай мақала нөмірін нұқыңыз:
    119591 Интернеттегі қызметтер көзінен Microsoft қолдау файлдарын қотару туралы (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
    Microsoft бұл файлды вирустың бар екеніне тексерді. Файл орналастырылған күні пайдалануға дайын болған вирустарды байқайтын бағдарламалық жасақтама пайдаланылған. Файл рұқсатсыз енуден қорғалған серверлерде сақталуда, бұл қорғаныс файлды рұқсатсыз өзгертуге тосқауыл жасайды.
  8. Жүйенің жұмысын аяқтап, компьютеріңізді стандартты күйде қайта қотарыңыз.
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ
Windows Орнатушы технологиясына қатысты толық ақпаратты білу үшін Өндеушілерге арналған Microsoft негізіндегі Желінің (MSDN) веб торабына қатынасыңыз: Windows Орнатушы бағдарламасын алу туралы толық ақпарат білу үшін, Microsoft Білім Қорынан мақаланы көру үшін келесі мақала нөмірін нұқыңыз:
292539 Windows Орнатушы бағдалармасын алу туралы (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
Свойства

Номер статьи: 315346 — последний просмотр: 06/20/2007 13:42:00 — редакция: 14.3

Microsoft Windows XP Professional, Microsoft Windows XP Home Edition, Microsoft Windows 2000 Server, Microsoft Windows 2000 Advanced Server, Microsoft Windows 2000 Professional Edition, Microsoft Windows NT Server 4.0 Standard Edition, Microsoft Windows NT Workstation 4.0 Developer Edition, Microsoft Windows Millennium Edition, Microsoft Windows 98 Second Edition, Microsoft Windows XP Professional x64 Edition

  • kberrmsg kbprb KB315346
Отзывы и предложения