В настоящее время вы работаете в автономном режиме; ожидается повторное подключение к Интернету

Жоғалған Word құжатын қалпына келтіру

Поддержка Office 2003 завершена

8 апреля 2014 г. корпорация Майкрософт прекратила поддержку Office 2003. Это повлияло на обновления программного обеспечения и параметры безопасности. Узнайте, что это значит для вас и какие меры по безопасности можно предпринять.

Бұл мақаланың Microsoft Word 2000 нұсқасын мына жерден қараңыз: 316950 (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
КІРІСПЕ
Кейбір жағдайларда Microsoft Word құжаттары жоғалып кетуі мүмкін. Мысалы, құжат Word бағдарламасын жабуға мәжбүрлейтін қате орын алса, өңдеу кезінде жарық сөніп қалса немесе құжатты өзгерістерді сақтамастан жапсаңыз жоғалуы мүмкін. Бұл мақалада жоғалған құжатты қалпына келтіру үшін қолдануға болатын қадамдар түсіндіріледі.

Ескерім Құжат соңғы рет сақталмаса, құжат түгелдей жоғалып кетуі мүмкін. Егер құжат сақталған болса, тек соңғы сақтаудан кейін енгізілген өзгерістерді жоғалтуыңыз мүмкін. Кейбір жоғалған құжаттарды қалпына келтіре алмауыңыз мүмкін екенін ескеріңіз.

Жағдайға қарай тиісінше келесі қадамдарды олар берілген тәртіппен қолданыңыз.
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

1-әдіс: Бастапқы құжатты іздеу

Бұл үшін қолданыстағы Microsoft Windows нұсқасына қарай тиісінше келесі қадамдарды орындаңыз.

Windows Vista

  1. Бастау Бастау түймешігі түймешігін басып, құжаттың атауын Іздеуді бастау ұясына жазыңыз, содан кейін ENTER пернесін басыңыз.
  2. Егер Файл тізімінде құжат болса, құжатты Word арқылы ашу үшін оны екі рет басыңыз.

    Егер Файл мәзірінде құжат болмаса, 3-қадамға өтіңіз.
  3. Бастау Бастау түймешігі түймешігін басып, *.doc деген сөзді Іздеуді бастау ұясына жазыңыз, содан кейін ENTER пернесін басыңыз.

    Ескерім Microsoft Office Word 2007 құжаттары үшін *.docx деп жазыңыз.
  4. Егер Файл мәзірінде файл болмаса, 2-әдіске өтіңіз.

Microsoft Windows XP

  1. Бастау түймешігін, Іздеу түймешігін басыңыз да, Файлдар немесе қалталар тармағын таңдаңыз.
  2. Файлдарды немесе қалталарды атауы бойынша іздеу ұясына файл атауын жазыңыз.
  3. Ізделетін жер ұясынан Компьютер тармағын таңдаңыз.
  4. Қазір іздеу түймешігін басыңыз. Егер Іздеу нәтижелері ұясында файл болмаса, барлық Word құжаттарын іздеу үшін келесі қадамдарға өтіңіз.

  5. Файлдарды немесе қалталарды атауы бойынша іздеу ұясына *.doc деп жазыңыз. Microsoft Office Word 2007 құжаттары үшін *.docx деп жазыңыз.
  6. Қазір іздеу түймешігін басыңыз.

    Егер Іздеу нәтижелері ұясында файл болмаса, себетті қараңыз. Ол үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
    1. Жұмыс үстеліндегі Себет белгішесін екі рет басыңыз.
    2. Көрініс мәзіріндегі Мәліметтер түймешігін басыңыз.
    3. Көрініс мәзіріндегі Белгішелерді реттеу түймешігін басыңыз, содан кейін Жойылған күні бойынша параметрін таңдаңыз.
    4. Файлдардың бойымен жылжып жүріңіз. Егер іздеген құжатыңызды тапсаңыз, құжатты тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз, содан кейін Қалпына келтіру пәрменін таңдаңыз.

      Бұл процедура құжатты бастапқы орнына қайтарады.

2-әдіс: Word сақтық көшірме файлдарын іздеу

Егер Әрқашан сақтық көшірме жасау параметрі таңдалса, файлдың сақтық көшірмесі болуы мүмкін.

Ескерім Бұл параметрді табу үшін Құралдар мәзіріндегі Параметрлер пәрменін таңдаңыз, содан кейін Сақтау қойындысын ашыңыз.

Файлдың сақтық көшірмесін табу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
  1. Жоғалған файл соңғы рет сақталған қалтаны тауып алыңыз.
  2. Файлдарды .wbk файл атауы кеңейтімімен іздеңіз.

    Егер атауында «Сақтық көшірме» деген сөздерден кейін жоғалған файлдың атауы бар қандай да бір файлдар табылса, қолданыстағы Word нұсқасына қарай тиісінше келесі қадамдарды орындаңыз.

    Word 2007

    1. Word 2007 бағдарламасын қосыңыз.
    2. Microsoft Office түймешігін басыңыз, содан кейін Ашу пәрменін таңдаңыз.
    3. Файлдар түрі тізімінен Барлық файлдар тармағын таңдаңыз.
    4. Табылған сақтық көшірме файлын таңдаңыз, содан кейін Ашу түймешігін басыңыз.

    Microsoft Word 2002 немесе Microsoft Office Word 2003

    1. Word бағдарламасын іске қосыңыз.
    2. Файл мәзіріндегі Ашу пәрменін таңдаңыз.
    3. Файлдар түрі ұясындағы көрсеткіні меңзермен көрсетіп, Барлық файлдар *.* тармағын, содан кейін файлды таңдап, Ашу түймешігін басыңыз.
    Бастапқы қалтада .wbk файлы болмаса, компьютерден барлық .wbk файлдарын іздеңіз. Бұл үшін қолданыстағы Windows нұсқасына қарай тиісінше келесі қадамдарды орындаңыз.

    Windows Vista

    1. Бастау Бастау түймешігі түймешігін басып, *.wbk деген сөзді Іздеуді бастау ұясына жазыңыз да, ENTER пернесін басыңыз.
    2. Егер Файл тізімінде сақтық көшірме файлы болса, файлды ашу үшін 2-қадамдағы («Файлдарды .wbk файл атауы кеңейтімімен іздеңіз») әрекеттерді қайталаңыз.

      Егер Файл мәзірінде сақтық көшірме файлы болмаса, 3-әдіске өтіңіз.

    Windows XP

    1. Бастау түймешігін басып, Іздеу пәрменін меңзермен көрсетіңіз, содан кейін Файлдар немесе қалталар тармағын таңдаңыз.
    2. Файлдарды немесе қалталарды атауы бойынша іздеу ұясына *.WBK деп жазыңыз.
    3. Ізделетін жер ұясында көрсеткіні меңзермен көрсетіңіз, содан кейін Компьютер тармағын таңдаңыз.
    4. Қазір іздеу түймешігін басыңыз.

3-әдіс: Автоқалпына келтіру файлдарын іздеу

Егер алдыңғы әдіспен жоғалған файл табылмаса, автоқалпына келтіру файлдарын іздеңіз. Әдепкіде, Word автоқалпына келтіру файлдарын әр қосылған сайын іздеп, табылған файлдардың барлығын құжаттарды қалпына келтіру тапсырмалар аймағына шығарады.

1-қадам: Тапсырмалар реттегішін пайдалану

  1. Тапсырмалар тақтасын тінтуірдің оң жақ түймешігімен таңдаңыз, содан кейін Тапсырмалар реттегіші түймешігін басыңыз.
  2. Үрдістер қойындысындағы кез келген Winword.exe немесе Microsoft Word нұсқасын таңдаңыз, содан кейін Үрдісті аяқтау түймешігін басыңыз. Осы қадамды Winword.exe және Word барлық нұсқаларының жұмысы аяқталғанша қайталай беріңіз.
  3. Windows тапсырмалар реттегіші тілқатысу терезесін жабыңыз, содан кейін Word бағдарламасын қосыңыз.

    Егер Word автоқалпына келтіру файлын тапса, бейнебеттің сол жағында құжаттарды қалпына келтіру тапсырмалар аймағы ашылып, жоғалған құжат «құжат атауы [Түпнұсқа]» немесе «құжат атауы [Қалпына келтірілген]» түрінде тізімде беріледі. Мұндай жағдайда, құжаттарды қалпына келтіру аймағындағы файлды екі рет басып, Файл мәзіріндегі Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз да, содан кейін құжатты .doc файлы етіп сақтаңыз. Қажет болса, кеңейтімін қолмен .doc етіп өзгертіңіз.

2-қадам: Қолмен іздеу

Егер автоқалпына келтіру аймағы ашылмаса, файлдарды қолмен іздеңіз. Бұл үшін қолданыстағы Word нұсқасына қарай тиісінше келесі қадамдарды орындаңыз.
Word 2007
  1. Microsoft Office түймешігін басыңыз, содан кейін Word параметрлері пәрменін таңдаңыз.
  2. Шарлау аймағындағы Сақтау түймешігін басыңыз.
  3. In the Автоқалпына келтіру ұясында жолды белгілеп алып, Болдырмау түймешігін басыңыз.
  4. Word бағдарламасын жабыңыз.
  5. 3-қадамда сіз белгілеген қалтаны ашыңыз.
  6. Атаулары .asd деп аяқталатын файлдарды іздеңіз.
Word 2003 және Word 2002
  1. Құралдар мәзіріндегі Параметрлер пәрменін таңдаңыз.
  2. Файлдардың орналасқан жерлері қойындысын таңдап, Автоқалпына келтіру файлдары параметрін екі рет басыңыз да, жолды белгілеп алып, Болдырмау түймешігін, содан кейін Жабу түймешігін басыңыз.

    ЕскерімОрналасқан жерді өзгерту тілқатысу терезесінде автоқалпына келтіру файлдарына апаратын жолды толық көру үшін Қалта атауы тізіміндегі төмен көрсеткіні басуыңыз қажет болуы мүмкін.
  3. Word бағдарламасын жабыңыз.
  4. Автоқалпына келтіру файлының орналасқан жерін тауып алыңыз.
  5. Атаулары .asd деп аяқталатын файлдарды іздеңіз.

3-қадам: .asd файлдарын іздеу

Қалта атауы тізімінде анықталған орыннан .asd файлын таба алмасаңыз, бүкіл дискіден барлық .asd файлдарын іздеңіз. Бұл үшін қолданыстағы Windows нұсқасына қарай тиісінше келесі қадамдарды орындаңыз.
Windows Vista
  1. Бастау Бастау түймешігін түймешігін басып, .asd деген сөзді Іздеуді бастау ұясына жазыңыз, содан кейін ENTER пернесін басыңыз.
  2. Егер Файл мәзірінде автоқалпына келтіру файлдары болмаса, 4-әдіске өтіңіз.
Windows XP
  1. Бастау түймешігін, Іздеу түймешігін басыңыз, содан кейін Файлдар немесе қалталар тармағын таңдаңыз.
  2. Файлдарды немесе қалталарды атауы бойынша іздеу ұясына *.asd деп жазыңыз.
  3. Ізделетін жер ұясында көрсеткіні меңзермен көрсетіңіз, содан кейін Компьютер тармағын таңдаңыз.
  4. Қазір іздеу түймешігін басыңыз.
Егер кеңейтімі .asd болатын қандай да бір файлдарды тапсаңыз, қолданыстағы Word нұсқасына қарай тиісінше келесі қадамдарды орындаңыз.
Word 2007
  1. Word 2007 бағдарламасын қосыңыз.
  2. Microsoft Office түймешігін басыңыз, содан кейін Ашу пәрменін таңдаңыз.
  3. Файлдар түрі тізімінен Барлық файлдар тармағын таңдаңыз.
  4. Табылған .asd файлын таңдаңыз, содан кейін Ашу түймешігін басыңыз.
Word 2002 немесе Word 2003
  1. Word бағдарламасын қосыңыз.
  2. Файл мәзіріндегі Ашу пәрменін таңдаңыз.
  3. Файлдар түрі тізімінен Барлық файлдар *.* тармағын таңдаңыз.
  4. Кеңейтімі .asd файлын тауып алыңыз, содан кейін таңдаңыз.
  5. Ашу түймешігін басыңыз.
  6. Компьютерді қайта қосыңыз.
  7. Word бағдарламасын қосыңыз.

    Егер Word автоқалпына келтіру файлын тапса, бейнебеттің сол жағында құжаттарды қалпына келтіру тапсырмалар аймағы ашылып, жоғалған құжат «құжат атауы [Түпнұсқа]» немесе «құжат атауы [Қалпына келтірілген]» түрінде тізімде беріледі. Мұндай жағдайда, құжаттарды қалпына келтіру тапсырмалар аймағындағы файлды екі рет басып, Файл мәзіріндегі Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз, содан кейін құжатты .doc файлы етіп сақтаңыз. Қажет болса, кеңейтімін қолмен .doc етіп өзгертіңіз.
Ескерім Қалпына келтіру аймағында дұрыс ашылмайтын автоқалпына келтіру файлы табылса, «6-әдіс: Бүлінген құжаттардың ақауларын тауып, жөндеу» бөліміне өтіп, бүлінген файлдарды ашу жолдары туралы ақпаратты қараңыз.

4-әдіс: Уақытша файлдарды іздеу

Егер алдыңғы әдістермен файл табылмаса, уақытша файлдарды қалпына келтіріп көріңіз. Бұл үшін қолданыстағы Windows нұсқасына қарай тиісінше келесі қадамдарды орындаңыз.

Windows Vista

  1. Бастау Бастау түймешігін түймешігін басып, .tmp деген сөзді Іздеуді бастау ұясына жазыңыз, содан кейін ENTER пернесін басыңыз.
  2. Тек көрсету құралдар тақтасындағы Басқа түймешігін басыңыз.
  3. Файлдардың ішін аралап, құжат өңделген соңғы бірнеше күн мен уақытқа сай келетін файлдарды іздеңіз. Егер сіз іздеген құжатыңызды тапсаңыз, «6-әдіс: Бүлінген құжаттардың ақауларын тауып, жөндеу» бөліміне өтіп, файлдағы ақпаратты қалпына келтіру жолдары туралы ақпаратты қараңыз.

Windows XP

  1. Бастау түймешігін, Іздеу түймешігін басыңыз, содан кейін Файлдар немесе қалталар тармағын таңдаңыз.
  2. Файлдарды немесе қалталарды атауы бойынша іздеу ұясына *.TMP деп жазыңыз.
  3. Ізделетін жер ұясында көрсеткіні меңзермен көрсетіңіз, содан кейін Компьютер тармағын таңдаңыз.
  4. Егер іздеу параметрлері көрінбесе, Іздеу параметрлері түймешігін басыңыз.
  5. Күні құсбелгісін қойып, соңғы n күнде параметрін таңдаңыз, содан кейін n мәнін файл соңғы рет ашылған күндер санына ауыстырыңыз.
  6. Қазір іздеу түймешігін басыңыз.
  7. Көрініс мәзіріндегі Мәліметтер түймешігін басыңыз. Көрініс мәзіріндегі Белгішелерді реттеу пәрменін меңзермен көрсетіп, Күні бойынша параметрін таңдаңыз.
  8. Файлдардың ішін аралап, құжат өңделген соңғы бірнеше күн мен уақытқа сай келетін файлдарды іздеңіз. Егер сіз іздеген құжатыңызды тапсаңыз, «6-әдіс: Бүлінген құжаттардың ақауларын тауып, жөндеу» бөліміне өтіп, файлдағы ақпаратты қалпына келтіру жолдары туралы ақпаратты қараңыз.

5-әдіс: «~» файлдарын іздеу

Кейбір уақытша файл атаулары тильда (~) таңбасынан басталады. Ол файлдарды табу үшін қолданыстағы Windows нұсқасына қарай тиісінше келесі қадамдарды орындаңыз.

Windows Vista

  1. Бастау Бастау түймешігін түймешігін басып, ~ таңбасын Іздеуді бастау ұясына жазыңыз, содан кейін ENTER пернесін басыңыз.
  2. Тек көрсету құралдар тақтасындағы Басқа түймешігін басыңыз.
  3. Файлдардың ішін аралап, құжат өңделген соңғы бірнеше күн мен уақытқа сай келетін файлдарды іздеңіз. Егер сіз іздеген құжатыңызды тапсаңыз, «6-әдіс: Бүлінген құжаттардың ақауларын тауып, жөндеу» бөліміне өтіп, файлдағы ақпаратты қалпына келтіру жолдары туралы ақпаратты қараңыз.

Windows XP

  1. Бастау түймешігін, Іздеу түймешігін басыңыз, содан кейін Файлдар немесе қалталар тармағын таңдаңыз.
  2. Файлдарды немесе қалталарды атауы бойынша іздеу ұясына ~*.* деп жазыңыз.
  3. Қазір іздеу түймешігін басыңыз.
  4. Көрініс мәзіріндегі Мәліметтер түймешігін басыңыз. Көрініс мәзіріндегі Белгішелерді реттеу пәрменін меңзермен көрсетіп, Күні бойынша параметрін таңдаңыз.
  5. Файлдардың ішін аралап, құжат өңделген соңғы бірнеше күн мен уақытқа сай келетін файлдарды іздеңіз. Егер сіз іздеген құжатыңызды тапсаңыз, «6-әдіс: Бүлінген құжаттардың ақауларын тауып, жөндеу» бөліміне өтіп, файлдағы ақпаратты қалпына келтіру жолдары туралы ақпаратты қараңыз.
Word бағдарламасының уақытша файлдарды қалай жасайтыны және пайдаланытыны туралы қосымша ақпарат алу үшін төмендегі мақала санын басып, Microsoft білім қорындағы мақаланы қараңыз:
211632 Word бағдарламасының уақытша файлдарды жасау жолдарының сипаттамасы (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).

6-әдіс: Бүлінген құжаттардың ақауларын тауып, жөндеу

Бүлінген Word құжаттарының ақауларын тауып, жөндеу туралы қосымша ақпарат алу үшін төмендегі мақала санын басып, Microsoft білім қорындағы мақаланы қараңыз:
826864 Бүлінген Word құжаттарының ақауларын тауып, жөндеу (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
918429 Word 2007 бағдарламасында бүлінген құжаттардың ақауларын тауып, жөндеу (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).

Қосымша ақпарат

Word бағдарламасындағы автоқалпына келтіру мүмкіндігі қате орын алған кезде ашық тұрған құжаттардың төтенше сақтық көшірмелерін жасауға арналған. Кейбір қателер автоқалпына келтіру файлын жасауға кедергі келтіруі мүмкін. Автоқалпына келтіру мүмкіндігі файлдың сақталуын алмастырмайды.

Біз жойылған құжаттарды қалпына келтіру арналған утилиталар бермейміз. Дегенмен, интернеттен жойылған құжаттарды қалпына келтіруге арналған үшінші тарап утилиталарын алуға болады.

Осы мақалада талқыланатын үшінші тарап өнімдерін Microsoft корпорациясынан тәуелсіз компаниялар өндіреді. Microsoft корпорациясы бұл өнімдердің жұмыс өнімділігіне немесе сенімділігіне жанама немесе басқаша кепілдік бермейді.
СІЛТЕМЕЛЕР
Автоқалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін төмендегі мақала сандарын басып, Microsoft Білім қорындағы мақалаларды қараңыз:
212273 Жоғалған құжатты қалпына келтірудің мүмкін болмау себептері (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
156574 Word бағдарламасындағы автоқалпына келтіру мүмкіндігі дегеніміз не? (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
211762 Ағымдағы жұмысты (ашық құжатты) автоматты түрде сақтау (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
107686 Word бағдарламасының автоқалпына келтіру файлдарын жасау және қалпына келтіру жолдары (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
inf WD2002 WD2003 WD2007
Свойства

Номер статьи: 316951 — последний просмотр: 06/03/2008 12:14:45 — редакция: 3.1

Microsoft Office Word 2007, Microsoft Office Word 2003, Microsoft Word 2002 Standard Edition

  • kbhowto ocsso KB316951
Отзывы и предложения
/html>">ng = 1; var Route = "76500"; var Ctrl = ""; document.write("