В настоящее время вы работаете в автономном режиме; ожидается повторное подключение к Интернету

Internet Explorer шолғышындағы әдепкі кезекші күту уақытының мәнін өзгерту

ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл мақалада Microsoft Internet Explorer шолғышындағы әдепкі HTTP кезекші мәнін өзгерту жолдары сипатталады.

Internet Explorer шолғышы веб серверімен тұрақты HTTP қосылымын орнатқан кезде (Қосылым: Кезекші тақырыптарының көмегімен), Internet Explorer шолғышы ұя бір минутқа босағанша бастапқы сұрау алынған TCP/IP ұясын қайта пайдаланады. Қосылым бір минутқа босағаннан кейін, Internet Explorer қосылымды бастапқы орнына келтіреді. Қосымша сұраулар алу үшін жаңа TCP/IP ұясы пайдаланылады. Қалауыңыз бойынша Internet Explorer шолғышындағы HTTP KeepAliveTimeout мәнін өзгертуіңізге болады.

Егер не клиент шолғышының (Internet Explorer), не веб серверінің KeepAlive мәні төмен болса, ол шектеуші фактор болып табылады. Мысалы, тұтынғыштың күту уақыты екі минут, ал веб серверінің күту уақыты бір минут болса, ең көп күту уақыты бір минутқа тең болады. Не клиент, не сервер шектеуші фактор болуы мүмкін.

Әдепкіде, Internet Explorer шолғышында
KeepAliveTimeout
мәні бір минут және қосымша шектеуші факторы (
ServerInfoTimeout
) екі минут болады. Параметрлердің бірі Internet Explorer шолғышының ұяны бастапқы қалпына келтіруіне себепші болады.
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ
Маңызды Бұл бөлімде, әдісте немесе тапсырмада тізбені өзгерту жолдарын көрсететін қадамдар бар. Алайда, тізбе дұрыс өзгертілмеген жағдайда айтарлықтай қиындықтар туындауы мүмкін. Сондықтан, бұл қадамдардың мұқият орындалуын қамтамасыз етіңіз. Қорғауды арттыру үшін тізбені өзгертер алдында оның сақтық көшірмесін жасап алыңыз. Содан кейін ақаулық туындаған жағдайда тізбені қалпына келтіруіңізге болады. Тізбенің сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін төмендегі мақала санын басып, Microsoft Білім қорындағы мақаланы қараңыз:
322756 Windows XP және Windows Vista жүйелеріндегі тізбелердің сақтық көшірмесін жасау және алғашқы қалпына келтіру әдісі


Бір минут бос тұрғаннан кейін сол TCP/IP ұясын арқылы Internet Explorer шолғышымен байланысатын веб бағдарламасын пайдаланған жағдайда, Internet Explorer шолғышындағы тұрақты HTTP қосылымдарының әдепкі күту уақыты мәнін арттыру қажет болуы мүмкін. Internet Explorer шолғышындағы тұрақты HTTP қосылымдарының әдепкі күту уақытының мәнін өзгерту үшін
KeepAliveTimeout
деп аталатын DWORD мәнін келесі тізбе кілтіне қосыңыз, содан кейін оның мәні туралы деректерді Internet Explorer қосылымды бастапқы қалпына келтірер алдында күтетін уақытқа (миллисекундпен) орнатыңыз:
HKEY_CURRENT_USER\Software\Microsoft\Windows\CurrentVersion\InternetSettings
Ол үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
  1. Бастау түймешігін басып, Іске қосу пәрменін таңдаңыз да, regedit деп жазыңыз, содан кейін OK түймешігін басыңыз.
  2. Тізбеден келесі кілтті тауып алыңыз да, таңдаңыз:
    HKEY_CURRENT_USER\Software\Microsoft\Windows\CurrentVersion\InternetSettings
  3. Өңдеу мәзіріндегі Жаңа пәрменін меңзермен көрсетіңіз, содан кейін DWORD мәні параметрін таңдаңыз.
  4. KeepAliveTimeout деп жазыңыз, содан кейін ENTER пернесін басыңыз.
  5. Өңдеу мәзіріндегі Өзгерту пәрменін таңдаңыз.
  6. Тиісті күту уақытының мәнін (миллисекундпен) жазыңыз, содан кейін OK түймешігін басыңыз. Мысалы, күту уақытының мәнін екі минутқа қою үшін 120000 деп жазыңыз.
  7. Internet Explorer шолғышын қайта қосыңыз.
Егер
KeepAliveTimeout
мәнін 60 000 (бір минут) санынан аз етіп қойсаңыз, тұрақты HTTP қосылымдарын қажет ететін веб серверлерімен байланыс кезінде қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы, «Бетті көрсету мүмкін емес» деген қате туралы хабар алуыңыз мүмкін.

Егер
KeepAliveTimeout
мәні 120000 (екі минут) санынан артық болуы керек болса, қосымша тізбе кілтін жасауыңыз және оның мәнін керекті
KeepAliveTimeout
мәніне тең етіп қоюыңыз керек. Қосымша тізбе кілті -
ServerInfoTimeout
. Бұл - мәні бар (миллисекундпен) және
KeepAliveTimeout
бірдей жерде орналасқан DWORD мәні.

Мысалы, үш минуттық
KeepAliveTimeout
мәнін пайдалану үшін келесідей тізбе кілттерін жасауыңыз керек:
HKEY_CURRENT_USER\Software\Microsoft\Windows\CurrentVersion\InternetSettings


KeepAliveTimeout DWORD мәні 180000 (миллисекундпен)
ServerInfoTimeout DWORD мәні 180000 (миллисекундпен)
Әдепкіде, HTTP қосылымы аралық сервер арқылы орнатылғаннан басқа жағдайларда, Internet Explorer шолғышында HTTP 1.1 қосулы болады. HTTP 1.1 қосылған кезде, қосылым бір минутқа босағанша немесе тізбедегі
KeepAliveTimeout
мәнімен көрсетілген мәнге жеткенше HTTP қосылымдары әдепкіде ашық (немесе ) тұрақты күйінде қалады. Internet Explorer шолғышындағы HTTP 1.1 параметрлерін Интернет параметрлері тілқатысу терезесіндегі Қосымша қойындысы арқылы өзгертуіңізге болады.
Свойства

Номер статьи: 813827 — последний просмотр: 06/03/2008 12:14:45 — редакция: 3.5

Windows Internet Explorer 7, Microsoft Internet Explorer 6.0, Microsoft Internet Explorer 5.0

  • kbinfo KB813827
Отзывы и предложения