В настоящее время вы работаете в автономном режиме; ожидается повторное подключение к Интернету

Windows XP Service Pack 2 амалдық жүйесі орнатылған соң 1394 құрылғылардың өнімділігі төмендеу мүмкін

Маңызды Осы мақалада тізбені өзгерту туралы ақпарат бар. Тізбені өзгертпес бұрын тізбенің сақтық көшірмесін жасап алыңыз және ақаулық пайда болған кезде тізбені қалпына келтіру жолын біліп алыңыз. Тізбенің сақтық көшірмесін жасау, оны қалпына келтіру және өзгерту туралы ақпарат алу үшін, Майкрософт білім қорындағы мақаланы көріңіз. Оны көру үшін келесі мақала нөмірін нұқыңыз:
256986 Майкрософт Windows тізбесінің сипаттамасы (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
БЕЛГІЛЕР
Компьютеріңізді жаңартып Microsoft Windows XP Service Pack 2 (SP2) амалдық жүйесін орнатқан соң, 1394a немесе 1394b FireWire құрылғылардың өнімділігі тым төмендеп кетуі мүмкін. S400 жылдамдығын пайдаланатын сандық камера осындай кұрылғының бір мысалы.
СЕБЕП
Ақаулық 1394a немесе 1394b FireWire құрылғысын 1394b портына қоссаңыз пайда болады. Ақаулықтың пайда болу себебі жүйеңізді жаңартқан кезде Windows XP SP2 амалдық жүйесі 1394b порттарын S100 жылдамдығына өзгертеді.
АНЫҚТЫҚ

Жаңарту ақпараты

Келесі файлды Майкрософттың қотару орталығынан қотарып алуға болады:

ҚотаруWindows XP үшін жаңарту бумасын (KB885222) қазір қотару.

Шығарылған күн-айы: 17 желтоқсан 2004 ж.

Майкрософт қолдау файлдарын қотарып алу туралы қосымша ақпарат алу үшін төменде көрсетілген мақала нөмірін нұқып Майкрософттың білім қорындағы мақаланы көріңіз:
119591 Интернет қызметтерден Майкрософт қолдау файлдарын алу жолы (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
Вирус бар-жоқтығын анықтау үшін Майкрософт осы файлды тексеріп шыққан. Осы файлды сайтқа қойған кезде Майкрософт ең соңғы вирус анықтау бағдарламаларын пайдаланған. Осы файл жетілген қауіпсіздік мүмкіндіктеріне ие болған серверлерде сақталынады. Олар осы файлды рұқсатсыз өзгертуге жол бермейді.

Алдын ала талаптары

Осы жаңартуды орнату үшін компьютеріңізде Windows XP SP2 орнатылған болуы керек.

Қайта қотару туралы ақпарат

Осы жаңартуды орнатқан соң компьютеріңізді қайта қотарып алуыңыз қажет.

Жаңартуды ауыстыру туралы ақпарат

Осы жаңартуны ешқандай кейінірек шыққан жамау немесе жаңартумен ауыстыруға болмайды.

Тізбе туралы ақпарат

Ескерту Тізбе өңдеуші бағдарламасын дұрыс пайдаланбасаңыз амалдық жүйені қайта орнатуды талап ететін күрделі ақаулықтар пайда болу мүмкін. Microsoft тізбе өңдеуші бағдарламасын дұрыс пайдаланбау салдарынан шыққан ақаулықтар үшін шешім табылуына кепілдік бермейді. Тізбе өңдеуші бағдарламасын өз тәуекеліңіз мен пайдаланыңыз.

Осы жаңартуды орнатқан соң копьютеріңіздің жаңа 1394 құрылғы үшін хост-контроллер қосатын болсаңыз, Windows тізбесіде жаңа 1394 хост-контроллері үшін SidSpeed жазбасын қосуыңыз қажет немесе тізбеде бар болған жазбаны өзгертуіңіз қажет. Бұны істеу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
  1. Бастау батырмасын басыңыз, Жегу әмірін таңдаңыз, сосын regedit әмірін енгізіп OK батырмасын басыңыз.
  2. Келесі тізбе бөлімшесін тауып оған нұкыңыз:
    HKEY_LOCAL_MACHINE\SYSTEM\CurrentControlSet\Enum\PCI\1394_hc_hw_id\1394_instance_id\Device Parameters
  3. Егер екінші қадамдағы Құрылғы параметрлері бөлімшесін нұққан соң оң жақтағы бөліміде SidSpeed мәні жок болса, она жаратыңыз. Бұны істеу үшін Өңдеу мәзіріндегі Жаңа әміріне сілтеңіз, DWORD мәні әмірін таңдаңыз, SidSpeed енгізіңіз де ENTER пернесін басыңыз.
  4. SidSpeed жазбасын тышқанның оң жағымен нұкып Өзгерту әмірін таңдаңыз.
  5. Мән деректері терезесінде төмендегі кестеде көрсетілген мәндердің біреуін енгізіңіз, сосын OK батырмасын басыңыз.
    МәнЖылдамдық
    0S100 жылдамдығы
    1S200 жылдамдығы
    2S400 жылдамдығы (әдепкі мән)
    3S400/S800 жылдамдығы (Windows XP Service Pack 1 [SP1] мәні)
    Ескерім Егер 3 астам болған мәнді енгізіп көрсеңіз, SidSpeed үшін 0 мәні (S100 жылдамдығы) беріледі.
  6. Тізбе өңдеуші бағдарламасынан шығыңыз.
FireWire контроллері туралы ақпарат табу үшін келесі қадамарды орындаңыз:
  1. Құрылғы реттегішін ашыңыз. Бұны істеу үшін Бастау мәзірінде Менің компьютерім әмірін тышқанның оң жағымен нұқып, Басқару әмірін тандаңыз, сосын Жүйе құралдары астындағы Құрылғы реттегіші әмірін таңдаңыз. Сондай-ақ, Сіз Менің компьютерім мәзіріндегі Сипаттар әмірін таңдап, сосын Жабдық қойындысында Құрылғы реттегіші батырмасын бассаңыз болады.
  2. FireWire контроллерді IEEE 1394 Bus хост контроллерлері бөліміде табыңыз.
  3. FireWire контроллер жазбасын тышқанның оң жағымен нұкып Сипаттар әмірін таңдаңыз, сосын Мәліметтер қойындысын таңдаңыз.
  4. Құрылғының нұсқа нөмірі жазбасын таңдаңыз . Келесі жолға ұқсас болған әріптер мен сандардан құралған жолды көресіз:
    PCI\VEN_104C&DEV_8020&SUBSYS_00D81028&REV_00\4&19FD8D60&0&60F0
    Екі бөлшек белгілер (\) арасындағы акпарат “1394_hc_hw_id" болады. “VEN_104C&DEV_8020&SUBSYS_00D81028&REV_00” осы мысалда жабдықтың жалпылаушысы болады. Екінші бөлшек белгісінен (\) келетін ақпарат “1394_instance_id” болады. “4&19FD8D60&0&60F0” осы мысалда нұсқаның жалпылаушысы болады.

Файл туралы ақпарат

Осы жаңартуның ағылшын тіліндегі нұсқасы келесі кестеде берілген файл атрибуттарына (немесе кейініреқ шыққан файл атрибуттарына) ие: Осы файлдардың ай-күні және сағаты Үйлестірілген әмбебап уақыты (UTC) бойынша берілген. Файлдар туралы ақпаратты көрген кезде олар жергілікті уақытқа өзгеріледі. UTC уақыты және жергілікті уақыт арасындағы айырмашылығын табу үшін басқару мәзіріндегі ай-күні және уақыт құралының Сағаттық белдеу қойындысын пайдаланыңыз.
   Ай-күн    Уақыт   Нұсқа      Мөлшер  Файл атауы   -----------------------------------------------------------------   04-Nov-2004  20:59  5.1.2600.2549   6,656  Cstupd1394sidspeed.dll     04-Nov-2004  19:33  5.1.2600.2549  61,184  Ohci1394.sys
КҮЙ
Microsoft осы ақаулық "Келесілерге қатысты" бөліміде тізімделген Microsoft өнімдеріде кездесетін ақаулық екенін растады.
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ
Қосымша ақпарат үшін, төмендегі мақала нөміріне шертіп Майкрософт білім қорындағы мақаланы көріңіз:
824684 Майкрософттың бағдарламалық жасақтама жаңартуларын сипаттау үшін қолданылатын стандартты терминологиясының сипаттамасы. (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
windowsxpsp2 winxpsp2 xpsp2
Свойства

Номер статьи: 885222 — последний просмотр: 06/20/2007 13:44:00 — редакция: 4.1

Microsoft Windows XP Professional Service Pack 2 (SP2), Microsoft Windows XP Home Edition Service Pack 2 (SP2)

  • kbbug kbfix kbqfe atdownload kbwinxppresp3fix kbhotfixserver KB885222
Отзывы и предложения