В настоящее время вы работаете в автономном режиме; ожидается повторное подключение к Интернету

Windows Vista жүйесінде таза іске қосу арқылы ақаулықты табу және жөндеу

КІРІСПЕ
Қате туралы хабарлар мен басқа мәселелерді тауып, жөндеуге көмектесу үшін Windows Vista жүйесін ең аз драйверлер және іске бағдарламалар жиынымен іске қосуыңызға болады. Бұл іске қосу түрі «таза іске қосу» деп аталады. Таза іске қосу бағдарламалық жасақтама қайшылықтарын жоюға көмектеседі. Бұл мақалада Windows Vista жүйесінде таза іске қосу арқылы ақаулықтарды тауып, жөндеу жолдары сипатталады. Сондай-ақ, осы мақалада Windows орнатушы қызметін қосу жолдары мен компьютер әдеттегідей іске қосылуы үшін оны ысыру жолдары сипатталады.

Ескерім Таза іске қосу кезінде, кейбір функцияларды уақытша жоғалтуыңыз мүмкін. Компьютерді әдеттегідей қосқан кезде, функциялар орнына келеді. Дегенмен, бастапқы қате туралы хабарды алуыңыз немесе бастапқы іс-әрекеттерді бастан кешіруіңіз мүмкін.
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ
Бұл ақпарат белгілі бір ақаулықтарды тауып, жөндеуге арналмаған. Сондықтан, бұл қадамдарды орындар алдында, ақаулық туралы мәліметтерді Microsoft білім қорынан іздеңіз. Іздеген кезде қате туралы хабардың мәтінін немесе ақаулықтың сипаттамасын пайдаланыңыз. Microsoft білім қорынан іздеу үшін келесі Microsoft веб-торабына кіріңіз:

1-қадам: Таза іске қосуды орындаңыз

Ескерім Егер компьютер желіге қосылған болса, желі саясатының параметрлері сізге бұл қадамдарды орындатпауы мүмкін. Microsoft қолдау жөніндегі инженері сізге нұсқау бермейінше, компьютердегі қосымша іске қосу параметрлерін өзгерту үшін жүйені теңшеу қызметтік бағдарламасын пайдаланбауға кеңес беріледі. Бұл компьютерді пайдалануға жарамайтын етуі мүмкін.
  1. Компьютердің жүйесіне әкімші құқықтары бар жазбамен кіріңіз.
  2. Бастау Бастау түймешігін басып, msconfig.exe деген сөзді Іздеу бастау ұясына жазыңыз, содан кейін жүйені теңшеу қызметтік бағдарламасын қосу үшін ENTER пернесін басыңыз.

    Пайдаланушы жазбасын басқару рұқсаты Егер сізге әкімші құпиясөзін не құптауды енгізуге нұсқау берілсе, құпиясөзді теріңіз немесе Жалғастыру түймешігін басыңыз.
  3. Жалпы қойындысындағы Іріктеп іске қосу пәрменін таңдаңыз, содан кейін Іске қосу элементтерін қотару құсбелгісін алып тастаңыз. (Бастапқы Boot.ini файлын пайдалану құсбелгісі қолданылмайды.)
  4. Қызметтер қойындысындағы Барлық Microsoft қызметтерін жасыру құсбелгісін қойыңыз, содан кейін Барлығын ажырату пәрменін таңдаңыз.

    Ескерім Бұл қадамды орындау Microsoft қызметтерінің іске қосылуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл қызметтердің ішіне желі орнату, қосып, жұмыс істеу, оқиғалар жұрналын жүргізу, қате туралы есептер беру және басқа қызметтер кіреді. Бұл қызметтерді ажыратсаңыз, барлық қалпына келтіру нүктелерін біржолата жойып жіберуіңіз мүмкін. Жүйені қалпына келтіру қызметтік бағдарламасын бар қалпына келтіру нүктелерімен бірге пайдаланғыңыз келсе, мұны істемеңіз.
  5. OK түймешігін, содан кейін Қайта қосу түймешігін басыңыз.

2-қадам: Қызметтердің жартысын қосу

  1. Жүйені теңшеу қызметтік бағдарламасын қосу үшін 1а және 1ә қадамдарын орындаңыз.
  2. Қызметтер қойындысын таңдаңыз, содан кейін Барлық Microsoft қызметтерін жасыру құсбелгісін қойыңыз.
  3. Қызмет тізіміндегі құсбелгілердің жартысын қойып шығыңыз.
  4. OK түймешігін, содан кейін Қайта қосу түймешігін басыңыз.

3-қадам: Ақаулықтың қайталануын анықтау

Егер ақаулық әлі де бар болса, 1 және 2-қадамдарды орындаңыз. 2-қадамда,бастапқыда Қызмет тізімінен өзіңіз таңдаған құсбелгілердің жартысын алып тастаңыз.

Егер ақаулық болмаса, 1 және 2-қадамдарды қайталаңыз. 2-қадамда Қызмет тізімінен алынып тасталған қалған құсбелгілердің тек жартысын қойыңыз. Барлық құсбелгілер таңдалғанша осы қадамдарды қайталай беріңіз.

Егер Қызмет тізімінде тек бір қызмет таңдалып, ақаулық жойылмаса, таңдалған қызметтің ақаулыққа себепші болғаны. 6-қадамға өтіңіз. Егер ешқандай қызмет ақаулық тудырмаса, 4-қадамға өтіңіз.

4-қадам: Іске қосу элементтерінің жартысын қосу

  1. 1-қадамды қайталау арқылы таза іске қосуды орындаңыз.
  2. Іске қосу қойындысын таңдап, Іске қосу элементі тізіміндегі құсбелгілердің жартысын қойыңыз.
  3. OK түймешігін, содан кейін Қайта қосу түймешігін басыңыз.

5-қадам: Ақаулықтың қайталануын анықтау

Егер ақаулық әлі де бар болса, 1 және 4-қадамдарды орындаңыз. 4-қадамда, бастапқыда Іске қосу элементі тізімінен өзіңіз таңдаған құсбелгілердің жартысын алып тастаңыз.

Егер ақаулық болмаса, 1 және 4-қадамдарды қайталаңыз. 4-қадамда Іске қосу элементі тізімінен алынып тасталған қалған құсбелгілердің тек жартысын қойыңыз. Барлық құсбелгілер таңдалғанша осы қадамдарды қайталай беріңіз.

Егер Іске қосу элементі тізімінде тек бір іске қосу элементі таңдалып, ақаулық әлі де қайталанса, ақаулықты тізімде таңдалған іске қосу қызметінің тудыратын болғаны. 6-қадамға өтіңіз.

Егер ақаулыты ешқандай іске қосу элементі тудырмаса, онда ақаулықты бір Microsoft қызметінің тудыруы әбден ықтимал. Ақаулықты қай Microsoft қызметі тудыратынын анықтау үшін 1 және 2-қадамдарды әр қадамда Барлық Microsoft қызметтерін жасыру құсбелгісін қоймастан қайталаңыз.

6-қадам: Ақаулықты шешу

Ақаулықты тудыратын іске қосу элементін немесе қызметті анықтағаннан кейін, бағдарламаның өндірушісіне хабарласып, ақаулықты шешуге болатын-болмайтынын сұраңыз. Не болмаса, жүйені теңшеу қызметтік бағдарламасын іске қосып, ақаулы элементтің құсбелгісін алып тстаңыз.

7-қадам: Компьютерді әдеттегідей қайта қосу

Ақаулықтарды тауып, жойып болғаннан кейін, компьютерді әдеттегідей қайта қосу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
  1. Бастау Бастау түймешігін түймешігін басып, msconfig.exe деген сөзді Іздеуді бастау ұясына жазыңыз, содан кейін ENTER пернесін басыңыз.

    Пайдаланушы қатынасын бақылау рұқсаты Егер әкімші құпиясөзі немесе растау сұралса, құпиясөзді жазыңыз немесе Жалғастыру түймешігін басыңыз.
  2. Жалпы қойындысындағы Қалыпты іске қосу параметрін таңдаңыз, содан кейін OK түймешігін басыңыз.
  3. Компьютерді қайта қосу сұралған кезде Қайта қосу түймешігін басыңыз.

Жүйе қызметтері қотарылмаған кезде Windows орнатушы қызметін қосу әдісі

Егер теңшеу баңдарламасын Windows орнатушы қызметін қоспастан пайдалансаңыз, келесідей қате туралы хабар алуыңыз мүмкін:
Windows орнатушы қызметіне қатынау мүмкін болмады. Windows орнатушы қызметінің тиісті түрде тіркелгенін растау үшін қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Жүйе қызметтерін қотару құсбелгісін алып тастасаңыз, Windows орнатушы қызметі қосылмайды. Жүйе қызметтерін қотарылмаған кезде Windows орнатушы қызметін айдалану үшін қызметті қолмен қосуыңыз керек. Ол үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
  1. Бастау Бастау түймешігі түймешігін басып, тінтуірдің оң жақ түймешігімен Компьютер белгішесін басыңыз, содан кейін Басқару пәрменін таңдаңыз.

    Пайдаланушы қатынасын бақылау рұқсаты Егер әкімші құпиясөзі немесе растау сұралса, құпиясөзді жазыңыз немесе Жалғастыру түймешігін басыңыз.
  2. Консоль ағашынан Қызметтер мен бағдарламалар тармағын, содан кейін Қызметтер тармағын таңдаңыз.
  3. Мәліметтер аймағында Windows орнатушысы тармағын, содан кейін Қосу пәрменін таңдаңыз.
Свойства

Номер статьи: 929135 — последний просмотр: 06/03/2008 12:14:45 — редакция: 1.1

Windows Vista Home Basic, Windows Vista Home Premium, Windows Vista Ultimate, Windows Vista Business, Windows Vista Enterprise, Windows Vista Starter, Windows Vista Business 64-bit edition, Windows Vista Enterprise 64-bit edition

  • kbexpertisebeginner kbhowto kbinfo KB929135
Отзывы и предложения