В настоящее время вы работаете в автономном режиме; ожидается повторное подключение к Интернету

Құрылғы драйвері орнатылмаған немесе аппараттық құрал құрылғысы Windows Vista 1-жаңарту бумасы орнатылғаннан кейін дұрыс жұмыс істемейді

БЕЛГІЛЕР
Windows Vista жүйесінде жұмыс істеп тұрған компьютерге Windows Vista 1-жаңарту бумасын орнатқаннан кейін сіз келесі белгілердің біреуіне немесе екеуіне кездесесіз:
  • Құрылғы драйвері орнатылмаған және леп белгісі (!) Құрылғы реттеушісіндегі құрылғы драйверінің жанынан пайда болады.
  • Құрылғы драйвері Құрылғы реттеушісінде дұрыс орнатылады. Бірақ, аппараттық құрал құрылғылары дұрыс жұмыс істемейді.
СЕБЕП
Осы ақаулық кездеседі, себебі Window Vista 1-жаңарту бумасы құрылғының сенімділігін арттыру үшін жүйе файлдары мен кейбір құрылғы драйверлерін жаңартады. Window Vista 1-жаңарту бумасын орнатқан кезде жаңарту бумасын орнату үрдісі кейбір құрылғы драйверлерін орнату соңында қайта орнатуы мүмкін.

Ескерім Біз Windows Vista 1-жаңарту бумасын орнатпастан бұрын аппараттық құралға соңғы драйверлерді орнатуға кеңес береміз. Осыны орындаған кезде, «Белгілер» бөлімінде берілетін қателердің алдын алуыңызға болады.
АНЫҚТЫҚ
Осы ақаулықты жою үшін мына әдістерді берілген тәртіп бойынша пайдаланыңыз.

1-әдіс: Құрылғы реттеушісіндегі құрылғы драйверін анықтау

Оны орындау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
  1. БастауБастау түймешігі түймешігін басып, Іздеуді бастау жолағына Құрылғы реттеушісі деп теріп, ENTER пернесін басыңыз.
  2. Құрылғыға арналған құрылғы драйвері Құрылғы реттеушісінде табылмаса, леп белгісі құрылғының жанынан пайда болады. Егер леп белгісі пайда болмаса және құрылғы дұрыс жұмыс істемесе, 2-әдіске өтіңіз.
  3. Егер леп белгісі Құрылғы реттеушісіндегі құрылғы драйверінің қасында пайда болса, Windows жаңартуды құрылғы драйверін тексеруге пайдалануыңызға болады. Ол үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
    1. БастауБастау түймешігі түймешігін басыңыз, содан соң Барлық бағдарламалар түймешігін басып, Windows жаңартуы түймешігін басыңыз.

      Егер сізден әкімші құпиясөзі немесе растау сұралса, құпиясөзді теріңіз немесе растаңыз.
    2. Жаңартуларды тексеру пәрменін таңдаңыз.
    3. Жаңарту драйверлерінің бар екендігін анықтау үшін Бар жаңартуларды көру пәрменін таңдаңыз.

      Егер жаңартулар бар болса, орнатқыңыз келген драйверді, содан соң Орнату пәрменін таңдаңыз. Егер сізден әкімші құпиясөзі немесе растау сұралса, құпиясөзді теріңіз немесе растаңыз.
Егер Windows жаңартуы қажетті құрылғы драйверін орналастырмаса, Windows Vista жүйесіне соңғы құрылғы драйверін қотару үшін құрылғы өндірушісіне хабарласыңыз. Осыны орындау әдісі туралы толық ақпарат алу үшін «Толық ақпарат» бөлімін қараңыз.

2-әдіс: Құрылғы драйверлерін орнату немесе жою

Егер құрылғы драйвері Құрылғы реттеушісінде дұрыс орнатылған болып, құрылғы дұрыс жұмыс істемесе, құрылғы драйверлерін қолмен жойып, қайта орнатыңыз. Ол үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
  1. БастауБастау түймешігі түймешігін басып, Іздеуді бастау жолағына Құрылғы реттеушісі деп теріп, ENTER пернесін басыңыз.
  2. Құрылғы реттеушісі тілқатысу терезесінде жұмыс істемей тұрған аппараттық құрал құрылғысын анықтаңыз.
  3. Тінтуірдің оң жақ түймешігімен құрылғыны таңдаңыз, содан кейін Сипаттар пәрменін таңдаңыз.
  4. Драйвер қойындысын нұқыңыз.
  5. Жою пәрменін нұқыңыз.
  6. Осы құрылғыға бағдарламалық жасақтама драйверін жою құсбелгісінің алынғанын тексеріңіз, содан соң OK түймешігін басыңыз.
  7. Құрылғы реттеушісі тілқатысу терезесінде Әрекет мәзірін, содан соң Аппараттық құрал өзгерістерін тексеру пәрменін нұқыңыз.

    Сіз аппараттық құрал құрылғысының орнатылғандығы және жойылған құрылғының Құрылғы реттеушісінде бар екендігі туралы хабар аласыз.
  8. Егер аппараттық құрал драйвері орнатылмаса, жаңартылған құрылғы драйверін тексеру үшін Windows жаңартуын пайдаланыңыз. Ол үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
    1. БастауБастау түймешігі түймешігін басыңыз, содан соң Барлық бағдарламалар түймешігін басып, Windows жаңартуы түймешігін басыңыз.

      Егер сізден әкімші құпиясөзі немесе растау сұралса, құпиясөзді теріңіз немесе растаңыз.
    2. Жаңартуларды тексеру пәрменін таңдаңыз.
    3. Жаңарту драйверлерінің бар екендігін анықтау үшін Бар жаңартуларды көру пәрменін таңдаңыз.

      Егер жаңартулар бар болса, орнатқыңыз келген драйверді, содан соң Орнату пәрменін таңдаңыз. Егер сізден әкімші құпиясөзі немесе растау сұралса, құпиясөзді теріңіз немесе растаңыз.
Егер Windows жаңартуы қажетті құрылғы драйверін орналастырмаса, Windows Vista жүйесіне соңғы құрылғы драйверін қотару үшін құрылғы өндірушісіне хабарласыңыз. Осыны орындау әдісі туралы толық ақпарат алу үшін «Толық ақпарат» бөлімін қараңыз.
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ
Аппараттық құрал мен бағдарламалық жасақтама жеткізушілерімен хабарласу жолы туралы ақпарат алу үшін мына тізімнен тиісті мақала санын басып, Microsoft білім қорындағы мақаланы қараңыз:
65416 Аппараттық құрал және бағдарлама жеткізушісінің байланыс ақпараты, А-К (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).

60781 Аппараттық құрал және бағдарлама жеткізушісінің байланыс ақпараты, Л-П (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).

60782 Аппараттық құрал және бағдарлама жеткізушінісің байланыс ақпараты, Р-Я (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
Microsoft техникалық қолдау іздеуге жәрдем беру мақсатпен үшінші тараппен байланыс ақпаратын береді. Бұл байланыс ақпараты ескертусіз өзгеруі мүмкін. Microsoft үшінші тараптың байланыс ақпараты дәл екеніне кепілдік бермейді.

Windows XP Service Pack 1 бумасын орнатқаннан кейін кездесуі мүмкін дыбыс ақаулықтарын жою туралы толық ақпарат алу үшін төмендегі мақала санын басып, Microsoft білім қорындағы мақаланы қараңыз:
948481 Сіз Windows Vista 1-жаңарту бумасын орнатқаннан кейін дыбыс ақаулықтарын кездестіресіз (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).
Свойства

Номер статьи: 948187 — последний просмотр: 02/04/2008 21:59:10 — редакция: 1.6

Windows Vista Service Pack 1, Windows Vista Ultimate, Windows Vista Enterprise, Windows Vista Business, Windows Vista Home Premium, Windows Vista Home Basic, Windows Vista Starter

  • kbexpertisebeginner kbtshoot kbprb KB948187
Отзывы и предложения