В настоящее время вы работаете в автономном режиме; ожидается повторное подключение к Интернету

Windows XP 3-жаңарту бумасын орнатуға әрекет жасаған кезде шыққан хабар: «Кіруге рұқсат берілмеді» немесе «Жаңарту бумасын орнатуы аяқталған жоқ» туралы

Поддержка Windows XP завершена

8 апреля 2014 г. корпорация Майкрософт прекратила поддержку Windows XP. Это повлияло на обновления программного обеспечения и параметры безопасности. Узнайте, что это значит для вас и какие меры по безопасности можно предпринять.

БЕЛГІЛЕР
Microsoft Windows XP 3-жаңарту бумасын (SP3) орнатуға әрекет жасаған кезде, келесі қате туралы хабарлардың біреуі шығады:
3-жаңарту бумасын орнату барысында қате. Кіруге рұқсат берілмеді
3-жаңарту бумасы орнату барысында қате. Жаңарту бумасы орнату барысында аяқталған жоқ
Немесе, Svcpack.log (журнал) файлында келесі қате туралы хабар болуы мүмкін:
DoRegistryUpdates сәтсіз аяқталды
СЕБЕП
Бұл қате туралы хабарларды бір немесе көбірек тізбе кілттеріне рұқсаттар шектелген болып және бұл шектеу сол тізбе кілттердің жаңартылуына жол бермейтін кезде алуыңыз мүмкін.

Кейбір бағдарламалар Тізбедегі жуйені қабылдайтын бақылау тізімдерді (SACL) өзгертеді, сондықтан әкімшінің тіркелгісілері оларды өзгерте алмайды. Жаңарту бумасын орнатушысы Жүйе тіркелгісіде жегілмей тек пайдаланушы (әкімшінің) тіркелгісіде жегіледі. Тізбе кілтін жаңартудың сәтсіз аяқталуы Орнату бағдарламасыны ақауға ұшыратады.

Тізбені жаңарту сәтсіз аяқталғанын тексеру үшін «Қосымша мәліметтер» бөлімін қараңыз.
АНЫҚТЫҚ
Ақауды жою үшін осы бөлімде сипатталған әдістерді шыққан мәселе толық шешілгенге дейін істеңіз. Берілген әдістердің біреуін аяқтағаннан соң келесі әдіске өтпей тұрып, мәселе толық шешілгенін анықтау үшін Windows XP SP3-ті орнатып көріңіз.

1-әдіс: Windows XP 3 -жаңарту бумасын барлық қотару пакетін Microsoft қотару орталығынан қотарып, кейін орнатыңыз

Windows XP 3-жаңарту бумасын барлық қотару пакетін Microsoft қотару орталығынан қотарып, орнатуға әрекет жасаңыз. Windows XP 3-жаңарту бумасы пакетін қотару туралы толығырақ ақпарат алу үшін келесі мақала нөмірін басып, Microsoft білім қорындағы мақаланы қараңыз:
322389 Windows XP жүйесінің ең соңғы жаңарту бумасын алу әдісі

2-әдіс: Компьютердің жұмысын қайта бастап барлық вирусқа қарсы және тыңшылыққа қарсы бағдарламаларды ажыратып тастаңыз

Ескертпе Бұл әдіс компьютеріңізді немесе желіні қасқүнем пайдаланушылардың немесе вирустар сияқты қаскүнем бағдарламалардың шабуылдарына қорғанысын әлсіретуі мүмкін. Біз бұл әдісті қолдауыңызды ұсынбаймыз. Бұл мәліметті беруіміз себебі, осы әдісті қолдану өз жауапкершілігіңізде болады деп есептейміз. Бұл әдісті өз тәуекеліңізге қарай қолданыңыз.

Орнату сәтті аяқталмаған себебтерінің біреуі: бөгде жақ өндірген бағдарлама жаңарту бумасы орнатушыға қажетті файлды ашып немесе оны құрсаулап ұстап тұр. Бұл мәселеден қорғану үшін, Windows XP SP3 бумасын орнатудан бұрын келесі қадамдарды орыңданыз:
  1. Компьютеріңіздегі барлық ашық бағдарламалардан шығып, оны жұмысын қайта бастаңыз.
  2. Компьютердің жұмысын қайта бастаған соң барлық вирусқа қарсы және тыңшылыққа қарсы бағдарламаларды ажыратып тастаңыз.

    Ескертпе Бағдарламаларды тапсырмалар аймағынан ажыратып тастауңыз мүмкін. Бағдарламаны тапсырмалар аймағынан ажыратып тастау үшін тінтуірдің оң жақ батырмасымен бөгде жақ өндірген бағдарлама белгішесіне нұқыңыз, содан кейін бағдарламаны ажыратып тастау үшін параметрді таңдаңыз.
  3. Вирусқа қарсы және тыңшылыққа қарсы бағдарламаларды ажыратып тастағаннан соң 1-әдісте толық қотару пакетінен қотарған Windows XP 3-жаңарту бумасыны орнатыңыз.

    Ескерту Сіз, жәнеде Windows XP SP3 Windows Жаңарту торабы немесе Microsoft Жаңарту торабынан орнатуыңыз мүмкін.
  4. Windows XP SP3 орнатылған соң 2-ші қадамда ажыратып тастаған вирусқа қарсы және тыңшылыққа қарсы бағдарламаларды қайтадан іске қосыңыз.
Ескертпе Вирусқа қарсы бағдарлама компьютерді вирустардан қорғайды. Вирусқа қарсы бағдарлама ажыратылған кезінде сенбейтін негіздерден файлдарды ашуға немесе қотаруға, сенбейтін веб-тораптарды қарауға, пошта тіркемелерін ашуға болмайды. Компьютерлік вирустар туралы қосымша ақпараттар білу үшін төмендегі хабарлама нөмерін шертіп, Microsoft білім қорындағы сәйкесті хабарламаларды көріңіз:
129972 Компьютерлік вирустар: сипаттамасы, болдырмауы, және қалпына келтіруі (Осы мақала ағылшын тіліндегі (әлі аударылмаған) мазмұнға сілтемелер беруі мүмкін).

3-әдіс: Тізбе және файл рұқсаттарын ысырыңыз

Маңызды Бұл бөлім, әдіс немесе тапсырма тізбені өзгерту жолы туралы ақпаратты қамтиды. Алайда, тізбеге енгізілген өзгерістер дұрыс болмаса, күрделі ақаулықтар келіп шығуы мүмкін. Демек, осы әрекеттерді дұрыстап орындап жатқаныңызға көз жеткізіңіз. Қосымша сақтық шара ретінде, тізбе өзгертілмес бұрын, оның сақтық көшірмесін сақтап алуыңыз керек. Бұл жағдайда, ақаулық келіп шығатын болса, тізбені сақтық көшірмесінен қалпына келтіре аласыз. Төмендегі мақала нөмірін басып, тізбені көшірмелеу және қалпына келтіру туралы қосымша ақпаратты Microsoft білім қорындағы мақаладан оқыңыз:
322756 Windows XP және Windows Vista жүйелеріндегі тізбелердің сақтық көшірмесін жасау және алғашқы қалпына келтіру әдісі

Маңызды Осы бөлім тәжірибелі пайдаланушыларға арналады. Күрделі мәселені шешу жолында тәжірибеңіз болмаса, біреуді көмекке шақырыңыз немесе Microsoft корпорациясының тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз. Microsoft корпорациясының тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне хабарласу үшін келесі Microsoft веб-торабына кіріңіз:
  1. «Тhe Subinacl.exe» файлды қотарыңыз содан кейін оны орнатыңыз. Оны істеу үшін келесі Microsoft веб-торабына кіріңіз:
  2. Блокнот бағдарламасын бастаңыз.
  3. Төмендегі мәтінді блокнотқа көшіріп койыңыз.
    cd /d "%ProgramFiles%\Windows Resource Kits\Tools"subinacl /subkeyreg HKEY_LOCAL_MACHINE /grant=administrators=f /grant=system=fsubinacl /subkeyreg HKEY_LOCAL_MACHINE /grant=administrators=f /grant=system=fsubinacl /subkeyreg HKEY_LOCAL_MACHINE /grant=administrators=f /grant=system=fsubinacl /subkeyreg HKEY_LOCAL_MACHINE /grant=administrators=f /grant=system=fsubinacl /subkeyreg HKEY_LOCAL_MACHINE /grant=administrators=f /grant=system=fsecedit /configure /cfg %windir%\inf\defltbase.inf /db defltbase.sdb /verbose
    Microsoft тек көркемдеу үшін бағдарламалау мысалдарын шартты немесе міндетті кепілдіксіз береді. Сауда пайдасының міндетті кепілдігі немесе ерекше мақсат үшін жарамдылығы бар, бірақ мұнымен шектелмейді. Бұл бөлім іс рәсімдерін жасау мен қалпына келтіру үшін пайдаланған құралдармен және көрсетілетін бағдарламалау тілін білетініңізді жорамалдайды. Microsoft қолдау орталығының инженерлері белгілі бір процедураның функцияларын түсіндіруге көмектесе алады. Дегенмен, олар қосылған функцияларды беретін немесе арнайы талаптарға сай келетін процедураларды құрастыратын бұл мысалдарды өзгертпейді.
  4. Осы блокноттағы файлды Reset.cmd деп сақтаңыз.
  5. Оң жақ батырмамен Reset.cmd дегенді нұқып, содан соң Әкімші ретінде іске қосу пәрменін таңдаңыз.

    Ескертпе Бұл сценарий файлы ұзақ уақыт жегулүі мүмкін.
  6. Windows XP SP3 жүйесін орнатыңыз.
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

Тізбені жаңарту сәтсіз аяқталғанын анықтау

  1. Svcpack.log файлын ашыңыз. Әдепкіде, бұл файл C:\Windows қалтасында орналасқан болады. Svcpack.log файлын ашу үшін Бастау мәзірін шертіңіз, Іске қосу әмірін таңдап, %windir%\svcpack.log деп теріңіз, содан соң OK түймешігін басыңыз.
  2. Өңдеу мәзірінде Табу пәрменін таңдаңыз.
  3. Не табу тілқатысу терезесінде DoRegistryUpdates тоқтап қалды деп теріңіз, содан соң Келесіні табу батырмасын басыңыз.
Файлдағы «DoRegistryUpdates тоқтап қалды» қате туралы шыққан хабар, қандайда бір ақаулық тізбе жаңартуды тоқтатып тұрғанын көрсетеді. Қате туралы шыққан хабар төмендегіге ұқсас болады:
<xxxx.xxx>: DoInstallation:DoRegistryUpdates тоқтап қалды. <xxxx.xxx>: Кіруге рұқсат берілмеді. <xxxx.xxx>: Пайдаланушыға хабар көрсетіледі: Кіруге рұқсат берілмеді.
Ескертпе xxxx.xxx әрбір жазудың кірітілген уақытын көрсетеді.
Свойства

Номер статьи: 949377 — последний просмотр: 05/05/2008 21:16:48 — редакция: 1.0

Microsoft Windows XP Service Pack 3

  • kbexpertisebeginner kbregistry kberrmsg kbtshoot kbprb KB949377
Отзывы и предложения